ЖАДЫНАМА
АТЫҢЫЗҒА АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТ РЕСІМДЕЛСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
|
1 |
ДЕРЕУ
БАНККЕ НЕМЕСЕ МҚҰ-ға (КРЕДИТОРҒА) ХАБАРЛАҢЫЗ |
Кредиторға
хабарласыңыз немесе жазыңыз және мыналар жөнінде:
–
картаны, шотты және қосымшаға
қолжетімділікті бұғаттауды;
–
сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын
көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.
|
Жазбаша жолданым бойынша - оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл
жасау үшін қажет. |
|
2 |
БАРЛЫҚ
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ |
Барлық
ақпаратты дереу тіркеңіз - бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды
қорғау үшін қажет. Мыналарды:
– сөйлесулер
мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);
- СМС және
растау кодтарын;
-
қоңыраулар мен хат алмасулар (мессенджерлерді қоса алғанда);
-
кредиторды хабардар етуді;
- шоттар
бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін сақтап қойыңыз.
Деректерді өзгертпей
скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.
|
3 |
ПОЛИЦИЯҒА
ЖҮГІНІҢІЗ |
eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз.
Өтініш міндетті
тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.Өтініште мыналар көрсетіледі:
–
кредиттің күні мен сомасы,
кредитордың атауы;
–
ресімдеу мән-жайлары;
–
алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі
байланыстары;
–
қолда бар материалдар
(скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).
|
СДТБТ-де тіркелген сәттен бастап ҚР Қылмыстық
кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу
қозғалады |
|
4 |
ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНУ НЕ БЕРЕДІ? |
Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және
қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.
|
Маңызды: құжатта кредит сомасы,
рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек |
Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және
кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.
|
Қажет болған жағдайда кредитор мән-
жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы |
Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға
қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.
Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін
е-Otinish арқылы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге,
e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.
|
5 |
АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА? |
Есептен шығару, егер бір уақытта:
- алаяқтық фактісі;
- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі қолданылады.
|
БОРЫШТЫ
СОТТАН ТЫС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
БОРЫШТЫ
СОТ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
|
Егер алаяқтық фактісін бір мезгілде полиция
растаса және кредит беру кезінде кредитордың тарапынан бұзушылықтарға жол
берілсе қолданылады. |
Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ
кредитор тарапынан бұзушылықтардың болғанын сот тәртібімен белгілеу талап
етілсе қолданылады. |
|
Ондай бұзушылықтарға мыналар жатады: – онлайн-кредит алу кезінде міндетті
биометрияның болмауы; – клиент eGov арқылы кредиттерді алуға
тыйым салуды белгілеген жағдайда кредит беру; – жас ерекшеліктеріне қойылатын
талаптарды сақтамау (расталған келісімсіз 21 жасқа дейін және 55 жастан
астам); – бірінші кепілсіз тұтынушылық кредитті
онлайн биометриясыз немесе жеке қатысуынсыз ресімдеу (белгіленген шектерден
асқан жағдайда); – «шешім қабылдау кезеңін» бұзу: 150-ден
255 АЕК-ке дейінгі банктік қарыздар үшін 8 сағатқа дейін және банктік
қарыздар бойынша 255 АЕК-тен және микрокредиттер бойынша 75 АЕК-тен астам
сомалар үшін 24 сағатқа дейін және қарыз алушының растауынсыз. Ерекше жағдайлар: - тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді тікелей
сатушыға жасау; - берешекті сол банкте немесе МҚҰ-да өтеу; - 150 АЕК-ке дейінгі лимиттер шегінде карта
бойынша операциялар жасау; - салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс
жүргізу бойынша берешекті төлеу. |
Сот полиция жинаған дәлелдер базасының
негізінде кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және
алаяқтардың әрекеттеріне банктердің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтары себеп
болғанын-болмағанын анықтайды. Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады: – үшінші тұлғалардың клиенттің дербес
деректерін пайдалануы (оның ішінде қашықтан қол жеткізуді пайдалана
отырып); – биометрия рәсімін бұзу; – алаяқтық операцияларды анықтау және
олардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтамау; Бұл жағдайда сот істің мән-жайын
белгілейді және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды. |
|
Кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті. |
Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге
міндетті. |
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
|
Полиция |
eGov.kz (https://egov.kz), eOtinish (https://eotinish.kz) немесе тұрғылықты жері бойынша жеке келу (фронт-офис:
+ 7 7172 71 46 93) |
|
ҚНРДА |
e-Otinish.kz
порталы/Өтініш беру/ҚНРДА (call-орталық: + 7 727 237 10 00) |
|
Прокуратура |
e-Otinish.kz
порталы/Өтініш беру/ҚР Бас прокуратурасы (call-орталық: 115 – Қазақстан
бойынша қоңырау шалу тегін) |