Банктік шот ашу
Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалар үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалар үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат,
- резидент еместің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
Банктік шоттармен жұмыс істеу
Банк шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады және оның қызмет көрсетуімен байланысты банктік қызметтерін көрсетеді:
- Клиенттің шотына және оның басқа шоттарынан, сонымен қатар Қазақстан Респубикасы резиденттерінің және бейрезиденттерінің шоттарынан қолма-қол немесе ақшасыз арқылы түскен ақша теңгемен және/немесе шетел валютасында шотқа аударады;
- Клиенттің сұрауы бойынша оның шотынан басқа шоттарына, немесе Қазақстан Респубикасы резиденттерінің және бейрезиденттерінің басқа шоттарына төлемдерді және ақша аударымдарды теңге және/немесе шетел валютасында жүзеге асырылады. Клиенттің шотынан төлемдер және ақша аударымдар, тек қана оның тапсырысы бойынша, немесе клиенттің нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша жүргізіледі;
- Клиентке ақша шоттан қолма-қол теңге және/немесе шетел валютада беріледі. Үшінші тұлғаларға – ҚР резиденттеріне және бейрезиденттеріне ақша шоттан қолма-қол теңге және/немесе шетел валютасында, тек қана клиенттің нотариуспен куәландырылған тиісті сенімхат негізінде беріледі;
- Банк Клиенттің шоты бойынша барлық шығын операцияларын шоттағы сома шегінде жүзеге асырады;
- Клиенттің сұрауы бойынша шоттың көшірмесін береді;
- Клиенттің сұрауы бойынша шотқа қатысты анықтаманы береді;
- Клиенттің өтінішіне сәйкес, оның шотындағы қолма-қол және ақшасыз валютаны сома шегінде сатып алу/сату операцияларын жүзеге асырады.
Банктің тарифтеріне сәйкес, банк қызметтерін ұсынғаны және банк операцияларын жүзеге асырғаны үшін Банк клиенттен комиссиялық сыйақыны алады.