Аударым операциялары бойынша жаңартылған күндік лимит

Құрметті клиенттер!

«ҚЗИ Банк» ЕБ» АҚ Интернет-банкинг және Мобильді қосымша арқылы теңгемен және шетел валютасымен (теңге баламасында) жеке тұлғалар жүзеге асыратын аударымдар бойынша күндік лимиттің өзгергені туралы хабарлайды Жаңа талаптарға сәйкес, бір күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылатын аударымдардың ең жоғары жиынтық сомасы 2 000 000 (екі миллион) теңгені құрайды. Аталған шектеу «ҚЗИ Банк» ЕБ» АҚ-да ашылған жеке тұлғалардың өз шоттары арасындағы аударымдарға қолданылмайды.