Алимент төлемдерін аудару үшін Банкте жаңа қосалқы шот ашылды

Алимент төлемдерін аудару үшін Банкте жаңа қосалқы шот ашылды.

Шот кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды асырауға арналған алименттерді алу үшін ашылады. Оны Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалар аша алады.

 

Шоттың ерекшеліктері

Алимент шотындағы қаражат өндіріп алудан қорғалған. Оларға:

  • ақша қаражатына тыйым салуға;
  • шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға;
  • уәкілетті мемлекеттік органдардың инкассалық өкімдері негізінде қаражатты өндіріп алуға;
  • екінші деңгейдегі банктердің төлем талаптарын ұсынуына жол берілмейді.

Шот ашу үшін қандай құжаттар қажет

Қазақстан Республикасының азаматы шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • алимент алушының жеке басын куәландыратын құжат;
  • ағымдағы шоттың мақсатын көрсете отырып жазылған өтініш;
  • алимент өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес жасалған, алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесі.

Шотқа келесі төлемдер есепке алынуы мүмкін:

  • атқарушылық құжаттар негізінде төленетін алименттер;
  • алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келісімге сәйкес төленетін алименттер;
  • алимент төлеушіден түсетін ерікті алименттік төлемдер.

Шот клиенттің өтініші бойынша кез келген уақытта жабылуы мүмкін.