Жеке тұлғалар үшін 01.01.2025 жылдан бастап валюталық заңнамадағы өзгерістер

                                 Құрметті Клиенттер!

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасындағы өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер клиенттердің-жеке тұлғалардың валюталық операцияларына әсер етеді.


Нені білу маңызды?


Жеке
тұлғалардың банк клиенттерінің валюталық операцияларына мониторинг жүргізу шеңберінде шекті төмендету 10 000 АҚШ доллары, атап айтқанда:


- жеке тұлғалар баламасында он мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомаға жүргізетін барлық шығыс төлемдер мен кіріс ақша аударымдары орындау үшін валюталық операция жүзеге асырылатын құжаттар міндетті түрде ұсынылған кезде жүргізіледі.


Төлемдер
және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу үшін құжаттар ұсынылмаған жағдайда Банк валюталық операцияны жүргізуден бас тартуға мәжбүр болады. Ерекшеліктер - өз қаражатын аудару және өтеусіз материалдық көмек. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банк бөлімшелеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрқашан қажетті қолдау мен кеңес беруге дайынбыз.

Құрметпен, Банк әкімшілігі