Құрметті клиенттер! 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына өзгерістер күшіне енеді. Нені білу маңызды? Валюталық шарттар шеңберінде ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдерін бұзу жөніндегі негіздер тізбесіне: "1" - есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасында және жолдау күнінде 50 000 АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша бейрезидент орындамаған міндеттемелер; "2" - экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы; "3" - экспорттаушының немесе импорттаушының экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы Валюталық заңнама бұзылған жағдайларда: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 244-бабы 3, 4-тармағы бойынша қатысты МКК тарапынан кейіннен әкімшілік жаза қолданыла отырып, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша мәліметтерді ҚРҰБ-ға жолдау: Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банк бөлімшелеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрқашан қажетті қолдау мен кеңес беруге дайынбыз. Құрметпен, Банк Әкімшілігі