Заңды тұлғларға төлем тағайындау коды бойынша хабарлама

Құрметті Клиенттер! 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес заңды тұлғалардың шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату операциялары бойынша мониторинг күшейтіледі. Бұл өзгерістер хабардар болу керек бірнеше негізгі аспектілерге әсер етеді. Уәкілетті банктердегі банк шоттары арқылы Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма – қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуды және (немесе) сатуды резиденттер және резидент емес тұлағалар төлем мақсатының кодын (бұдан әрі-КНП) дұрыс көрсету арқылы өтінім негізінде жүзеге асырады, атап айтқанда: * Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу-КНП "213"деп көрсетіледі; * Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сату-КНП "223"деп көрсетіледі. КНП дұрыс көрсетілмеген жағдайда Банк қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияны орындауға қабылдамайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Банк бөлімшелеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әрқашан қажетті қолдау мен кеңес беруге дайынбыз. Құрметпен, Банк Әкімшілігі