Құрметті Клиенттер!
Директорлар кеңесінің 18.05.2022 жылғы нөмірі896 шешімімен бекітілген Халықаралық төлем жүйесінде дебеттік төлем картасын шығару және пайдалану туралы, жеке және заңды тұлғаның ағымдағы шотын ашу туралы қосылу келісім шарттың 8.20-тармағына сәйкес Банк, шотта (шоттарда) 1 (бір) жылдан артық ақша болмаған жағдайда Клиенттің өтінішінсіз шотты (шоттарды) жабуға құқылы екендігін хабарлаймыз (https://www.kzibank.kz/kk/forms-and-documents).
Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңының 7-тармағының 29-бабына сәйкес клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде Банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға және банк бас тарту туралы хабардар еткен күннен бастап 3 ай өткен соң шоттарды жабуға құқылы.
Ағымдағы шоттарды жүргізу және жабу үшін комиссиялардың төлемі Банктің тарифтеріне сәйкес жүргізіледі. Шоттарды жабу бойынша сұрақтар немесе қарсылықтар туындаған жағдайда банкке жазбаша хабарлауыңызды немесе шот бойынша қаржылық транзакция жүргізуіңізді сұраймыз.
Назарларыңызға рахмет!