Банк туралы

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ 1993 жылы 11 қаңтарда құрылған. Банкіміз «Казкоммерцбанк» АҚ серіктестігінде, шетел капиталының қатысуымен құрылған Қазақстан Республикасындағы алғашқы банк болды. 1998 жылы «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ 100% түрік капиталы бар банкке айналды.
 «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ екеуі Алматыда және Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Түркістан қалаларында бір-бірден жалпы 8 филиалы бар.

 «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ банк секторындағы 30 жылдық тәжірибесі Банкке өз клиенттеріне жоғары деңгейде және халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету кезінде Банк ұстанатын негізгі критерийлер – жылдамдық, сенімділік және жоғары сапа.

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы сыртқы сауданы дамытуға үлес қосу. Осыған байланысты біздің Банктің қызметі сыртқы сауданы қаржыландыруды қолдауға бағытталған.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 03 ақпандағы №1.2.67/241 банктік және басқа да операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен айналысуға лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ ірі акционері туралы ақпарат:

Ірі акционер

Акциялар саны

Үлесі

Акция түрі

Түркия Республикасы Зираат Банкі

48 462 936

99,92%

жай

Орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы саны

48 500 000

100 %

жай