СУЛЕЙМАН ЯЛЧЫН
«ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Сулейман Ялчын мырза 1995 жылы Анкара Университетінің Саяси Ғылымдар факультетінің "Бизнес басқару" мамандығы бойынша оқуын және 2022 жылы Визион Университетінің Құқық факультетін тәмамдады.
1996 жылы өз еңбек жолын Т.С. Зираат Банкасы А.Ш.–да аудитордің көмекшісі ретінде бастаған Сулейман Ялчын мырза, әрі қарай аудитор, Аудит департаментінің Басшысының орынбасары, Филиалдың директоры, Эрзурум, Денизли, Измир-1, Измир-2 және Измир-Каршияка аймақтарының Регионалдық директоры ретінде қызмет атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап Сулейман Ялчын мырза Т.С.Зираат Банкасы А.Ш.-дағы Бас директордың Қаржы бағыттау Тобының басқарушы орынбасары ретінде жұмыс істейді.
Сулейман Ялчын мырза сондай-ақ басқа ұйымдарда да келесідей маңызды қызметтер атқарған:
• 2003-2006 жылдары Солтүстік Македония Республикасының Т.С.Зираат Банкасы А.Ш. Ускуп филиалында Аудит комитетінің мүшесі ретінде;
• 2010-2012 жылдары Өзбекістан Республикасында орналасқан Ziraat Bank Uzbekistan A.Қ-да Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде,
• 2020-2023 жылдары Түркія Республикасында орналасқан «Keskinoğlu Tavuk ve Damızlık İşl.San.Tic. A.Ş.» АҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде,
• 2023 жылы Түркія Республикасында орналасқан «Keskinoğlu Tavuk ve Damızlık İşl.San.Tic. A.Ş.» АҚ-ның Консультативтік Кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарды.
16-шы қазан 2023 жылынан бастап «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.
ЭРОЛ БЕРКТАШ
«ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ - ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР
Эрол Беркташ мырза 1959 жылы Түрік Республикасы, Малатья қаласында дүниеге келді. Ол Таяу Шығыс техникалық Университетінің «Тау-кен және мұнай техникасы» инженерлік факультетін тәмәмдады. Кейін, Магистр деңгейін Түркия Республикасы Мәрмара Университетінің, Банк ісі және сақтандыру институтының «Банк ісі» факультетін бітірді. 2018 жылы Түркия Республикасы Мәрмара Университетінің «Құқықтану» факультетін тәмамдады.
1986 жылы еңбек жолын Түрік Республикасы «Түркия Гаранти Банкасы» АҚ-да Халықаралық қатынастар бөлімінде бастады. Түрік Республикасы «Түркия Гаранти Банкасы» АҚ-да Меджидиекёй филиал Басшысы, Қорды басқару және жоспарлау бөлімінің Басшысы, Жоспарлау және бюджеттеу бөлімінің Басшысы, Коммерциялық маркетинг бөлімінің, тұтынушылардың өнімділік жобасы бойынша Директор орынбасары, Жоспарлау және бюджеттеу бөлімінің Директор орынбасары ретінде қызмет атқарды.
1999 жылы Түрік Республикасы «Фольфаген Догуш Тұтынушылық қаржыландыру» АҚ-ның Бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау және тәуекелдерді басқару департаментінің Директоры ретінде қызмет атқарды.
Эрол Беркташ мырза 2003 – 2017 жылдары аралығында Солтүстік Македония Республикасы Скопье қаласындағы Зираат Банкасы Филиалы, «Зираат портфолиосын бақару» АҚ (Түркия Республикасы), Т.С. Зираат Банкасы А.Ш. (Түркия Республикасы), «Зираат қаржылық лизинг» АҚ (Түркия Республикасы), «Зираат Банкасы (Москва)» ЕБ» АҚ (Ресей Федерациясы), «Түркмен Түрк Коммерциялық Банк» АҚ (Түрікменстан Республикасы), ЕБ «Зираат Банкасы Интернейшнл AG» АҚ (Германия), «Зираат Банкасы Босния DD» АҚ (Босния и Герцогевина), «Башак сақтандыру» АҚ (Түркия Республикасы), «Зираат Инвестициялық бағалы қағаздар» АҚ (Түркия Республикасы), «Билешим (Bileşim)» АҚ (Түркия Республикасы), Таратылу рәсіміндегі «T.Эмлак Банкасы» АҚ (Түркия Республикасы), «Демир-ХалыкБанк» АҚ (Голландия), «Түркия Халық Банкасы» АҚ (Түркия Республикасы), Түрік Республикасы Банктік реттеу және қадағалау агенттігі сияқты түрлі қаржы институттарында Директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарды. Скопье қаласындағы Зираат Банкасы Филиалы және «Зираат портфолиосын бақару» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет атқарды.
04 маусым 2021 жылынан бастап «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директоры болып сайланды.
МҰРАТ АЛКАН
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Мурат Алкан 1973 жылы Түркия, Орду қаласында дүниеге келді.
1994 жылынан бастап Т.С. Зираат Банкасы А.Ш. банкінде жұмыс істеп келеді.
1993 жылы Тракья Университетінің компьютерлік бағдарламалау факультетін тәмамдады, 2001 жылы Анадолу Университетінің «Бизнес және оны басқару» факультетін тәмамдады.
2011 жылынан 2013 жылына дейін Трабзон аймақтық Корпоративтік банкинг Кеңсесінің директоры, 2013 жылында болса Артвин (Ахари) қаласындағы Филиал директоры, 2014 - 2015 жылдары Қара теңіз аймақтық кеңсесінің Сату және тиімділік департаментінің Директоры, 2015-2018 жж. Антакья (Хатай) қаласындағы Филиалының Директоры, 2018 жылынан 2020 жылына дейін Газиантеп қаласындағы Корпоративтік Филиалдың Директоры, 2020 жылынын маусым айынан бастап Трабзон аймағының аймақтық директоры қызметін атқарды.
22-ші тамыз 2022 жылынан бастап «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылдың 16-шы қазан айынан бастап «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Директорлар Кеңесі мүшесі болып тағайындалды.
Т.С. Зираат Банкінің банк мектебі Басқарушылар академиясының түлегі. Анкара.