Саваш ЗОРЛУ
Басқарма Төрағасы
2002 жылы Чанкая Университетінің Экономика факультетінің «Экономика» мамандығын бітірген. 2004 жылы «AKBANK» АҚ-да мансабын бастаған Зорлу мырза кейіннен Түркия Республикасының «Fortis Bank» АҚ және «T.Garanti Bank» АҚ-ларында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
T.C. Ziraat Bankası A.Ş.-де жұмысын 2010 жылы Анкара қаласында бастаған. 2015 жылы Зорлу мырза Амасья қаласында заңды тұлғаларға қызмет көрсететін (ШОБ) Йенийол серпінді филиалының басшысы болып жұмыс істеген, ал 2017 жылдан 2022 жылға дейін Чорум қаласында заңды тұлғаларға қызмет көрсететін (ШОБ) филиал директоры, Чорум қаласындағы филиал директоры, өнеркәсіп аймағында орналасқан Санайи Ситеси филиалының директоры және Чорум қаласындағы филиал директоры лауазымдарын кезектесіп атқарған.
2022-2023 жылдары Измир қаласында заңды тұлғаларға қызмет көрсететін (ШОБ) филиал директоры болып, 2023-2025 жылдары Измир қаласында корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін филиал директоры болып жұмыс істеген Зорлу мырза 2025 жылдың Наурыз айынан бастап «ҚЗХ Банк» ЕБ» АҚ-дағы Қосалқы қызметтер блогының басқарушы директоры лауазымын атқарды. 2025 жылдың 15 мамырынан бастап «ҚЗХ Банк» ЕБ» АҚ -ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Масенова Галия Багашаровна
Басқарма Төрағасының орынбасары
Масенова Галия Багашаровна, 9 ақпан 1975 жылы дүниеге келді. Қаржы менеджментiнiң магистрi болып табылады. Банктiк сектордағы жұмыстың мерзiмiнде халықаралық бөлiмнiң маманынан бастап тәуекелдерді басқару департаменттiң директоріне дейін қызмет атқарды. 29.07.2005 ж.-22.01.2012 ж. аралығында Тәуекелдерді басқару департаменттiң директоры болып қызмет атқарды.
23.01.2012 жылынан бастап Басқарма Мүшесі болып тағайындалды.
10.04.2014 жылы Басқарма Төрағасының Орынбасары болып тағайындалды.
Қазақ, Орыс, Түрiк, сонымен қатар Ағылшын тiлдерiн бiледi.
Баталов Жалгас
Куандыкулы
Басқарма Төрағасының орынбасары
Баталов Жалгас Куандыкулы, 2 ақпан 1975 жылы дүниеге
келді. 1999 жылы Стамбул Университетінің «Экономика» факультетін тәмамдады.
2004 жылының қараша айынан 2005 жылының қыркүйек айына дейін Т.С. Зираат Банкасы
А.Ш. Білім беру басқармасының “Банктік және жеке дамудың негіздерін үйрену”
курсы бойынша білім алды. Банк саласында 27 жылдан астам іскерлік тәжірибеге
ие. Жалгас Куандыкулы мансап жолына 1999 жылында Алматы қаласының «Халық Банк»
филиалының маманы ретінде бастады және кейін "ТКИ Банк" АҚ-да
жалғастырды. Әр-түрлі жылдары «Демир Қазақстан Банк» АҚ-да және Талдықорған
қаласындағы «БТА Банк» АҚ-да Филиал Басшысы және Директоры ретінде қызмет
атқарды. 2010 жылындан бастап "ҚЗХ Банкi" ЕБ" АҚ-да
Проблемалық несиелермен жұмыс істеу бөлім Директоры ретінде қызметіне
бастады. 2013-2015 жылдары арасында Астана Филиалының Директоры,
2015-2017 жылдары арасында Ақтау қаласындағы Филиалының Басшысы, 2017-2018
жылдарында Операциялық тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлім директоры
ретінде қызмет атқарған Жалгас Куандыкулы, 2018 жылындан бастап Маркетинг және
сату бөлім директоры болып тағайындалды. 01 шілде 2019 жылындан бастап
"ҚЗХ Банкi" ЕБ" АҚ-ның Басқарма мүшесі болып сайланды. 17.09.2021
ж. бастап 30.12.2025 ж. дейін Маркетинг және сату тобының Басқарушы директоры
қызметін атқарды.
2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Маркетинг және сату
блогын үйлестіретін Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақ, Орыс, Түрiк тiлдерiн бiледi.
Чигамбаев Бауыржан Ермуханбетулы
Басқарма мүшесі, Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
Чигамбаев Бауыржан 29 сәуір 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетін (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) Информатика мамандығы бойынша және 2007 жылы Орталық-Азия Университетін Қаржы мамандығы бойынша тәмәмдады.
Чигамбаев Бауыржан еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Іле аудандық филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы болып бастады. Банк саласында 19 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. 2006 жылы Алматы облыстық филиалы Ақпараттық технологиялар департаментінің бағдарламалық қамтамасыз бөлімінің бас инженері болып тағайындалды. 2015 және 2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес ұйымы «Халық» сақтандыру компаниясында IT-инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.
«ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ-да 2022 жылдың наурыз айынан бастап Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры ретінде жұмыс жасайды.
2022 жыл 10-қарашада «ҚЗХ Банкі» ЕБ» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.
Канапияева Айгуль Мерзияшевна
Басқарма Мүшесі – Орталық Филиалдың Директоры
Канапияева Айгуль Мерзияшевна, 18 ақпан 1966 жылы дүниеге келді. С.М Кирова атындағы Қазақ Ұлттық Университетін (қазіргі Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ) тәмәмдап шықты. Банк саласында 25 жылдан астам іскерлік тәжірибеге ие. "ҚЗХ Банкi ЕБ" АҚ-дағы қызметіне 1998 жылы Заңгер ретінде бастады. 1999-2008 жж. - Валюталық бақылау мен құқықтық жұмыстар Департаментінің Директоры, Астана қаласындағы Банктің орталық филиалының Директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылынан бастап - "ҚЗХ Банкі ЕБ" АҚ-да Басқарма Мүшесі - Басқарушы директор қызметін атқарды.
2013 жылдың 30-шы сәуірінен бастап ҚЗХ Банкі ЕБ" АҚ-ның Алматы қаласы Орталық Филиалының Директоры қызметін орындауда.
Банкта жетекшілік ететін бағыттары: Филиал қызметін басқару.
Қазақ, Орыс, Түрік тілдерін біледі.
Зюлкюф Алпер Эргин
"ҚЗХ Банкi" ЕБ" АҚ Басқарма мүшесі, Несиелік қызмет блогының басқарушы директоры
1998 жылы Хаджеттепе университетінің инженерлік факультетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін академиялық мансабын жалғастырып, 2009 жылы Гази университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің «Экономика» бөлімінде білім алған. Банктік мансабын 1999 жылы «T.C. Ziraat Bankası A.Ş.» АҚ оқыту департаментінің банк мектебінде маман ретінде бастады. Митхатпаша филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінде, Йенишехир филиалының коммерциялық маркетинг бөлімдерінде кезек-кезеңімен маман болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдар аралығында қаржылық талдау және барлау департаментінде маман, 2008-2012 жылдар аралығында аталған бөлімде басшы қызметін атқарды. 2012 жылы "ҚЗХ Банкi" ЕБ" АҚ-ға қосылып, компанияларды талдау және бақылау бөлімінің директоры қызметіне тағайындалды. 2015-2017 жылдар аралығында Астана филиалының Директоры, 2017-2019 жылдар аралығында қайтадан компанияларды талдау және бақылау бөлімінің Директоры қызметін атқарған. 2019 жылдан бастап несиелендіру және басқару бөлімінің директоры мансабына тағайындалып, қазіргі уақытта да аталған департаментте жұмысын жалғастыруда. 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап Эргин "ҚЗХ Банкi" ЕБ" АҚ Басқарма мүшесі, Несиелік қызмет блогының Басқарушы директоры болып тағайындалды.