Түрік Мемлекеттік Зираат Банкі
T.C. Ziraat Bankası A.Ş., негізгі акционеріміз 1863 жылы Осман империясы кезеңінде құрылған. Орталық кеңсесі Түркия Республикасының Стамбул қаласында орналасқан. Аталған банк Түркиядағы ең ірі Банк болып саналады.
Зираат Банкі корпоративтік, коммерциялық, ауыл шаруашылығы және бөлшек бағыттар бойынша клиенттеріне қызмет көрсетіп, Түркия аумағында 1800-ге жуық филиалы бар кең ауқымды филиалдық желіге ие.
Зираат Банкі – ұлттық әрі жаһандық деңгейдегі қуатты қаржы институты. Түркиядағы ең ірі банктік желімен мақтана отырып, Зираат Банкі бүгінде әлемнің 20 елінде өз қызметін жүзеге асырады.
Зираат Банкі туралы толығырақ ақпаратты келесі сайттан біле аласыз: Bir Bankadan Daha Fazlası