Заңды тұлғалардың шетелдік валютамен SWIFT жүйесіндегі ақша аударымдары
Ақша аударымдар SWIFT халықаралық жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні SWIFT жүйесі қандай елде болмаса да, банк арасында есеп-айырысу жүргізуге ең ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз болып табылады.
Басқа банкке ақша аударымын аудару үшін:
- «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу. Басқа жағдайларда ақша аударымын шотты ашпай жіберу мүмкін.
 - Ақша алушының деректемелерін білу:
 - Ақша алушының Аты-жөні, шот нөмірі немесе алушының төлқұжаттық деректері, егер шоты болмаса (кез келген банк төлқұжаттық деректердегі аударымдарды қабылдамайды);
 - Банк Бенефициардың атауы, орналасқан елі және қаласы, Банк Бенефициардың SWIFT-коды немесе Банк Бенефициардың басқа сәйкестендірме коды;
 - Жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа ақшаларды ресей рубілінде аудару үшін: ақша алушының ЖСН, БСК және Банк Бенефициардың корреспонденттік шоты, «ВО» валюталық операция коды қажет.
 - Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну.
 - Ақша аудару үшін банктің операциялық қызметкеріне өтінішті толтырып, беру.
 - Ақша аудару комиссиясын ескере отырып, шотқа қажетті соманы енгізу қажет.
 
Басқа банктен ақша аударымын алу үшін:
- «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу.
 - Жөнелтушіге өз деректемелерін ұсыну.
 - Ақша аударымын алу үшін валюталық бақылау рәсімінен өтуге банкке хабарласуы қажет. Өзіңізбен бірге сізді куәландыратын, күшін жоғалтпаған құжатты міндетті турде әкелуіңіз шарт.