Түркиядан

Жеке тұлғалардың шетелдік валютамен SWIFT жүйесіндегі ақша аударымдары

Ақша аударымдар SWIFT халықаралық жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні SWIFT жүйесі қандай елде болмаса да, банк арасында есеп-айырысу жүргізуге ең ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз болып табылады.

Басқа банкке ақша аударымын аудару үшін:

  • «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу. Басқа жағдайларда ақша аударымын шотты ашпай жіберу мүмкін.
  • Ақша алушының деректемелерін білу:
    -Ақша алушының Аты-жөні, шот нөмірі немесе алушының төлқұжаттық деректері, егер шоты болмаса (кез келген банк төлқұжаттық деректердегі аударымдарды қабылдамайды);
    -Банк Бенефициардың атауы, орналасқан елі және қаласы, Банк Бенефициардың SWIFT-коды немесе Банк Бенефициардың басқа сәйкестендірме коды;
    -Жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа ақшаларды ресей рубілінде аудару үшін: ақша алушының ЖСН, БСК және Банк Бенефициардың корреспонденттік шоты, «ВО» валюталық операция коды қажет.
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну.  
  • Ақша аудару үшін банктің операциялық қызметкеріне өтінішті толтырып, беру.
  • Ақша аудару комиссиясын ескере отырып, шотқа қажетті соманы енгізу қажет.

Басқа банктен ақша аударымын алу үшін:

  • «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу.
  • Жөнелтушіге өз деректемелерін ұсыну.
  • Ақша аударымын алу үшін валюталық бақылау рәсімінен өтуге банкке хабарласуы қажет. Өзіңізбен бірге сізді куәландыратын, күшін жоғалтпаған құжатты міндетті турде әкелуіңіз шарт.

Western Union ақша аударымдары

Western Union ақша аударымдары жедел болып табылады. Бірнеше минуттан кейін жіберілген ақшаны әлемнің кез келген елінде, Western Union жүйесінің клиенттеріне қызмет көрсететін пунктерінде  алуға болады. Бұдан басқа, бүгінгі күні ақшаларды Қазақстанның ішінде де аударуға болады.

Western Union ақша аударымдарын АҚШ долларында жүзеге асыруға болады. <

Ақша аударымын қалай жіберуге болады?

  • Бөлімшелердің Western union қызмет көрсету пунктісіне хабарласыңыз;
  • ЖСН көрсетілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатын ұсыныңыз;
  • Ақшаны аудару үшін қысқаша үлгіде алушының толық атын, ақша сомасын, ақша аудару бағытының елі мен қаласын көрсетіп, толтырыңыз.
  • Оператордан ақша аударымның бақылау нөмірі бар түбіртектің бір данасын алыңыз (MTCN);
  • Алушыға ақша аударымын алу үшін барлық қажетті ақпаратты хабарлаңыз:
    -Жөнелтушінің толық аты-жөні;
    -Ақша аударымның сомасы;
    -Ақша аударған елдің аты;
    -Ақша аударымның бақылау нөмірі (MTCN);

Бақылау нөмірі міндетті түрде емес, клиенттің қалауы бойынша көрсетіледі.

Ақша аударған тұлға қолданыстағы тарифтерге сәйкес комиссияны төлейді.

Ақша аударымын қалай алуға болады?

  • Кез келген Western union қызмет көрсету пунктісіне хабарласыңыз;
  • ЖСН көрсетілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатын ұсыныңыз;
  • Қызмет көрсету пунктінің операторына келесі ақпаратты хабарлаңыз немесе ақша аударымын алу үшін үлгіні толтырыңыз:
    -Ақша аударымның бақылау нөмірі;
    -Жөнелтушінің толық аты-жөні;
    -Ақша аударған елдің және қаланың аты;
    -Ақша аударымның сомасы;
  • Ақшаны және түбіртекті алу.