Төтенше жағдай кезінде несиелерді төлеу туралы

Құрметті клиенттер!

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде кредит бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарға тыйым салынды. Бүкіл ел бойынша бұл жағдай 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін жалғасады.

Халық пен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Агенттік төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы бұйрық қабылдады. Төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша төлемдер кешіктірілген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынды.

Төтенше жағдай кезінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына немесе келтірілген залалға объективті себептер болған жағдайда Банк қарыз алушының негізгі борышы және сыйақыны төлеуді тоқтата тұрады (бұдан әрі – кредиттік төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру).

Банк төтенше жағдайдың қарыз алушының қаржылық жағдайы мен қызметіне әсерін жеке бағалайды.

Банк 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау нәтижелері бойынша қарыз алушымен келісім бойынша Банк айқындаған мерзімге кредит бойынша төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруды қамтамасыз етеді.

Кредит бойынша төлемдердiң мерзiмiн кейiнге қалдыру қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарыз бойынша төлемдердiң мерзiмiн кейiнге қалдырудың негiзiн қамтитын еркiн нысанда жасалған өтiнiшi негiзiнде берiледi.

Өтінішті Банкке 2022 жылдың 4 сәүіріне дейін беруге болады.

Мерзімі өткен қарызды келесі жолдармен өтеуге болады:

• Банктің филиалдары мен бөлімшелерінің кассаларында ағымдағы шотты қажетті сомамен толықтыру;

• басқа ЕДБ шоттарынан «КЗХ» Банкі ЕБ» АҚ-нда ашылған шотқа аудару.

Қосымша ақпарат алу үшін Қарыз алушылар +7 (727) 2444-000 телефон нөміріне хабарласа алады.

Қажет болған жағдайда, сіз өтінішті  kzibank@kzibank.kz электронды поштасына беруіңізге немесе Банктің филиалы мен бөлімшелеріне жеке бару арқылы беруіңізге болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 10.01.2022 жылғы №8 бұйрығымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/251123?lang=ru