Құрметті Клиенттеріміз,
2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысымен бекітілген Қолма-қол
ақшаны алуға рұқсат етілген сомаларға лимиттер белгілеу туралы ережесі күшіне енетінін хабарлаймыз.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға лимиттер
белгіленеді:
·
шағын бизнес үшін - күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
·
орта бизнес үшін - күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
·
ірі бизнес үшін - күнтізбелік айда 150 миллион теңге.
Ереже мынадай санаттарға қолданылмайды:
·
жеке тұлғалар;
·
жеке кәсіпкерлер;
- микрокәсiпкерлiк субъектiлерi (қызметкерлердің
орташа жылдық саны 15 адамнан немесе орташа жылдық табысы 30 000 АЕК-тен
аспайды);
·
төмендегі кестеде көрсетілген заңды тұлғалар.
Экономикалық
қызмет түрінің коды |
Атау |
47.11 |
Мамандандырылмаған дүкендерде
көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату |
47.21 |
Мамандандырылған дүкендерде
жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату |
47.22 |
Мамандандырылған дүкендерде ет және
ет өнімдерін бөлшек саудада сату |
47.23 |
Мамандандырылған дүкендерде балық,
шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді бөлшек саудада сату |
47.24 |
Мамандандырылған дүкендерде
нан-тоқашты, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдерді бөлшек саудада
сату |
47.29 |
Мамандырылған дүкендерде тамақ
өнімдерін өзге бөлшек саудада сату |
47.73 |
Мамандандырылған дүкендерде
фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
47.74 |
Мамандандырылған дүкендерде
медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысымен, заңды тұлғалардың келесі
шарттардың жиынтығын сақтаған кезде заңды тұлғалардың банктік
шоттардан шекті мөлшерден тыс қолма-қол ақшаны алу тәртібі белгіленді:
·
қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну;
·
деректерді Мемлекеттік кірістер органдарына беруге келісім
беру;
·
Банктің Мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден тыс
қолма-қол ақша беру мүмкіндігі туралы растауды алуы.