Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны алуы-01.06.2020

Құрметті Клиенттеріміз,

 

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысымен бекітілген Қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілген сомаларға лимиттер белгілеу туралы ережесі күшіне енетінін хабарлаймыз.

 

Заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға лимиттер белгіленеді:

·    шағын бизнес үшін - күнтізбелік айда 20 миллион теңге;

·    орта бизнес үшін - күнтізбелік айда 120 миллион теңге;

·    ірі бизнес үшін - күнтізбелік айда 150 миллион теңге.

 

Ереже мынадай санаттарға қолданылмайды:

  • жеке тұлғалар;
  •  жеке кәсіпкерлер;
  • микрокәсiпкерлiк субъектiлерi (қызметкерлердің орташа жылдық саны 15 адамнан немесе орташа жылдық табысы 30 000 АЕК-тен аспайды);  
  •  төмендегі кестеде көрсетілген заңды тұлғалар.

Экономикалық қызмет түрінің коды

                                                        Атау 

47.11

Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату

47.21

Мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату

47.22

Мамандандырылған дүкендерде ет және ет өнімдерін бөлшек саудада сату

47.23

Мамандандырылған дүкендерде балық, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді бөлшек саудада сату

47.24

Мамандандырылған дүкендерде нан-тоқашты, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдерді бөлшек саудада сату

47.29

Мамандырылған дүкендерде тамақ өнімдерін өзге бөлшек саудада сату

47.73

Мамандандырылған дүкендерде фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату 

47.74

Мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысымен, заңды тұлғалардың келесі шарттардың жиынтығын сақтаған кезде заңды тұлғалардың банктік шоттардан шекті мөлшерден тыс қолма-қол ақшаны алу тәртібі белгіленді:

·    қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну;

·    деректерді Мемлекеттік кірістер органдарына беруге келісім беру;

·    Банктің Мемлекеттік кірістер органынан белгіленген шекті мөлшерден тыс қолма-қол ақша беру мүмкіндігі туралы растауды алуы.