Емтиханға өтініш

ЗИРААТ ҚАРЖЫ ТОБЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНК МЕКТЕБІ

КӨМЕКШІ МАМАН ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ӨТІНІМ БЕРУ ШАРТТАРЫ

Ziraat Банкі шетелдік филиалдарына/еншілес банктарына тағайындалу үшін көмекші маман жұмысқа қабылдау мақсатында емтихандар өткізілетінін хабарлаймыз.

Қызметке қабылдау жоспарланған елдер: Германия, Әзербайжан, Бахрейн, Босния және Герцеговина, Болгария, Алжир, Грузия, Ирак, Черногория, Қазақстан, Косово, Өзбекстан, Ресей, Судан, Сауд Арабиясы, Сомали және Грекия.

Ziraat банкі жүзеге асыратын және Түркияның 100 жылдық тарихындағы ажырамас дәстүрге айналған Банк Мектебі бағдарламасы аяқталғаннан кейін, көмекші мамандар өз елдерінде жұмысқа кірісуге мүмкіндік алады.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

  • Жұмыс орны – үміткердің азаматтығы бар мемлекет. Сондықтан өтінім берген кезде азаматтық пен жұмыс істейтін ел бірдей болуы тиіс.
  • Емтихан екі кезеңнен тұрады: жазбаша емтихан және сұхбаттасу. Жазбаша емтихан мен сұхбаттасу түрік тілінде өткізіледі.
  • Жазбаша емтихан онлайн түрде, бірнеше дұрыс жауабы бар тест форматында өтеді және кандидаттарға бұл жөнінде электрондық пошта арқылы хабарланады.
  • Жазбаша емтихан мен оқыту тілі түрік тілі болатындықтан, үміткерлерден түрік тілін жақсы меңгеруі (оқу, жазу, түсіну, сөйлеу) талап етіледі.
  • Жазбаша емтиханнан сәтті өткен үміткерлер келесі кезең – сұхбатқа шақырылады. Бұл сұхбатты Түркия Зираат банктің өкілдері өткізеді.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Өтініш берген елдің азаматы болуы тиіс;
  2. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап туған болу (яғни, 18 жастан асқан болуы қажет);
  3. Түркия мен азаматтығы бар елдің заңнамасына сәйкес сотты болмаған болуы;
  4. Келесі қылмыстарға қатысы болмауы:
    – ауыр түрме жазасы немесе 6 айдан артық бас бостандығынан айыру;
    – мемлекетке қарсы қылмыстар (кешірілсе де);
    – ысырап, алаяқтық, парақорлық, ұрлық, сенімге қиянат жасау, контрабанда, банкроттық, саудаға немесе тендерге заңсыз араласу, ақшаны заңсыз жолмен жымқыру, мемлекеттік құпияны жария ету, салықтан жалтару, т.б.
  5. Түркия мен үміткердің азаматтығы бар елдің заңнамасына сәйкес банк саласында жұмыс істеуге тыйымы болмауы тиіс;
  6. Ел ішінде және шетелде үздіксіз жұмыс істеуге кедергі келтіретін психикалық немесе физикалық аурулары болмауы, бұл психоневрологиялық мекеменің анықтамасымен расталуы тиіс;
  7. Ер адамдар үшін – әскери міндетін өтеген, кейінге қалдырған немесе босатылған болуы (қажет болған жағдайда);
  8. Жоғары оқу орындарының 4 жылдық білім беретін төмендегі факультеттерін тәмамдаған немесе 2025 жылдың маусым айында бітіретінін растайтын құжат ұсынуы қажет:

Экономика, бизнес-әкімшілік, қаржы, мемлекеттік басқару, еңбек экономикасы және өнеркәсіптік қатынастар, халықаралық қатынастар, құқық, банк ісі, есеп, халықаралық қаржы, халықаралық сауда және банк ісі, сақтандыру және тәуекелді басқару, капитал нарығы, ақпараттық жүйелерді басқару, басқару және коммуникация, эконометрика, статистика, актуарий ісі, математика, математика-информатика, физика, аграрлық экономика, ауыл шаруашылығы саудасы және менеджменті, ауыл шаруашылығы техникасы және технологиялары, өндірістік инженерия, бизнес-инженерия, құрылыс, экологиялық, машина жасау, металлургия, энергетика, тамақ өндірісі, компьютерлік инженерия, психология, сәулет және Түркияның жоғары білім беру кеңесімен баламалығы танылған шетелдік университеттердің осыған ұқсас факультеттері.

  1. Түркияда өтетін Банк мектебінде оқу мерзімі кезінде, Түркияға шығуға тыйым салынбауы керек.

Назар аударыңыз:

–Таңдалған үміткерлер өз елдеріндегі еншілес компаниялар мен филиалдарға жіберіледі. Бұл емтихан Ziraat Bankası A.Ş.-нің Түркия аумағындағы бөлімшелеріне кадр қабылдауға арналмаған.

–Резюмеде көрсетілген ақпараттар өтініш беру талаптарына сай келмесе, өтінім   қабылданбайды.

–Жалған ақпарат берген немесе талаптарға сай келмейтін үміткерлердің өтінімі жарамсыз деп танылады.

–Жалған немесе жасырын ақпарат берген үміткерлер бұған жауапкершілік алады және жалған мәліметпен жұмысқа орналасу салдарынан Банкке келтірілген залал үшін жауапты болады.

         Жазбаша емтихан:

  • Өтініш беру жүйесі 2025 жылдың 16-шы шілдесінен бастап ашылады. Өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 3-ші тамызында аяқталады.
    Осы мерзімнен кейін өтініш беру құқығына ие үміткерлерге онлайн емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сол себепті байланыс ақпаратының дұрыстығын көрсету өте маңызды.
    Емтихан
    ға қатысуға құқығы бар үміткерлерге, емтихан күні туралы хабарландырылады.

·         Жазбаша емтихан төмендегі 3 бөлімнен тұрады. Емтихан бір реттік болады,
100 сұрақ, жалпы ұзақтығы 120 минут.

ЕМТИХАН БӨЛІМІ

 Сұрақтар саны

100

Жалпы мәдениет

20

Ағылшын тілі

40

Жалпы банк ісі/Қаржы

40


    Сұхбат:

  • Жазбаша емтиханнан сәтті өткен үміткерлерге сұхбаттасу күні туралы хабарлама электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  • Азаматтығы өтініш берген елге сәйкес келмейтін, көрсетілген талаптарға сай келмейтін немесе жалған мәлімет берген үміткерлер емтиханды немесе сұхбатты сәтті тапсырған жағдайда да жарамсыз деп танылады.

Жалдау процесі барысында туындаған кез келген сұрақтар бойынша келесі электрондық поштаға хабарлама жазуыңызға болады: zfgisealim@ziraatbank.com.tr

Халықаралық банк мектебінде көмекші маман лауазымына емтиханға өтініш нысанына сілтеме (түрік тілінде толтырылады):https://www.ziraatbank.com.tr/tr/Sayfalar/yurt-disi-adaylari-icin-is-basvuru-formu.aspx