Құрметті Клиенттер, назар аударыңыздар!
ISO 20022-ге көшу есептеулердің дәлдігін, жылдамдығын және қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ халықаралық контрагенттермен есептеулерді жеңілдетуге ықпал етеді.
Жаңа стандартқа көшу сәтінде банктің теңгемен төлем құжаттарын орындауының мынадай тәртібін назарға алуды сұраймыз:
* 2025 жылғы 10 қаңтарда төлем құжаттары Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін стандартты режимде МТ форматында орындауға қабылданады;
* 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап төлем құжаттары Астана уақытымен сағат 09:00-ден бастап ШЖМ жаңа форматында орындауға қабылданады.
Жеке тұлғалар үшін халықаралық стандартқа көшу карточкалар бойынша төлемдер мен аударымдарға әсер етпейтінін атап өту маңызды. Банк клиенттері төлем карточкаларымен есеп айырысуды кедергісіз жүргізе алады, телефон нөмірі бойынша мобильді аударымдар жүргізе алады, QR кодтары бойынша төлем жасай алады, банкоматтардан қолма-қол ақша ала алады. Бұл операцияларды банк стандартты режимде жүргізеді.
Өзгерістер шетел валютасындағы төлемдерге де әсер етпейді.
Заңды тұлғалар үшін жаңа стандартқа көшу төлемдерді рәсімдеу кезінде жаңа талаптарды сақтау қажет екенін білдіреді. Біз келесі тармақтарға назар аударамыз:
- төлем хабарламаларының жаңа стандартына "нақты төлеуші", "нақты алушы", "резиденттік ел коды"Жаңа өрістері кіреді. Нақты төлеуші немесе алушы туралы өрістерді, егер олар жөнелтушімен және алушымен сәйкес келсе, толтырудың қажеті жоқ.
- "резиденттік ел коды" өрісі төлем алушы немесе жөнелтуші резидент емес болып табылса ғана толтырылады.
Ынтымақтастық пен түсіністік үшін рахмет!