Құрметті Клиенттер!
ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда алаяқтардың белсенуі туралы
ескертеді.
Алаяқтар қазақстандықтарға телефон соғып, банк шоттарынан
қаражатты тартып алу және несие рәсімдеу мақсатында мобильді қосымшалар немесе
сервистер орнатуды ұсынып, өздерін Ұлттық банк қызметкеріміз деп таныстырады.
Сондай-ақ олар өздерін анықтаушы немесе тергеуші ретінде
таныстырып, азаматтардың туыстары немесе таныстары онлайн-несие берілген деген
дерек бойынша полиция бөліміне жүгінгенін хабарлайды.
Алаяқтар жеке деректерді іздейді: шоттағы сомалар, SMS және
CVV кодтары.
Полиция да, банк қызметкерлері де сізден банктік шот
деректерін немесе жеке деректерді растауды ешқашан сұрамайтынын еске саламыз.
Қосымша материалдар:
https://www.zakon.kz/6015270-novyi-vid-moshennichestva-poiavilsia-v-kazakhstane.html