Туркияға

Жеке тұлғалардың шетелдік валютамен SWIFT жүйесіндегі ақша аударымдары

Ақша аударымдар SWIFT халықаралық жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні SWIFT жүйесі қандай елде болмаса да, банк арасында есеп-айырысу жүргізуге ең ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз болып табылады.

Басқа банкке ақша аударымын аудару үшін:

  • «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу. Басқа жағдайларда ақша аударымын шотты ашпай жіберу мүмкін.
  • Ақша алушының деректемелерін білу:
  • Ақша алушының Аты-жөні, шот нөмірі немесе алушының төлқұжаттық деректері, егер шоты болмаса (кез келген банк төлқұжаттық деректердегі аударымдарды қабылдамайды);
  • Банк Бенефициардың атауы, орналасқан елі және қаласы, Банк Бенефициардың SWIFT-коды немесе Банк Бенефициардың басқа сәйкестендірме коды;
  • Жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа ақшаларды ресей рубілінде аудару үшін: ақша алушының ЖСН, БСК және Банк Бенефициардың корреспонденттік шоты, «ВО» валюталық операция коды қажет.
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну.  
  • Ақша аудару үшін банктің операциялық қызметкеріне өтінішті толтырып, беру.
  • Ақша аудару комиссиясын ескере отырып, шотқа қажетті соманы енгізу қажет.

Басқа банктен ақша аударымын алу үшін:

  • «ҚЗХ БАНКІ» ЕБ» АҚ  кез келген филиалында ағымдағы шотты ашу.
  • Жөнелтушіге өз деректемелерін ұсыну.
  • Ақша аударымын алу үшін валюталық бақылау рәсімінен өтуге банкке хабарласуы қажет. Өзіңізбен бірге сізді куәландыратын, күшін жоғалтпаған құжатты міндетті турде әкелуіңіз шарт.