Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қолдау туралы ақпарат

Төтенше жағдайында заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қолдау бойынша ақпарат

 

Құрметті клиенттер!

 

ҚЗХ Банкі Қазақстандағы төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен өз клиенттеріне мынадай қолдау көрсетеді:

 

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін банк төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты нашарлаған және экономиканың төмендегі салалармен байланысты заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтату туралы растайтын құжаттармен бірге өтініштер қабылдайды:

1) сауда секторы, сауда ойын-сауық орталықтарының жалға алушылары, халық тұтынатын тауарлардың дүкендері, жеткізу тізбегін қоса алғанда, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда;

2) туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, спорт, туризм және қонақ үй бизнесі;

3) азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы;

4) мейрамханалар мен дәмханаларды қоса алғанда, қоғамдық тамақтандыру секторы;

5) театрларды, кинотеатрларды, фото және бейнетүсірілімдерді, көрмелер мен конференцияларды, салтанатты ұйымдастыру, сұлулық салондарын және фитнес орталықтарды қоса алғанда, тұрмыстық қызмет көрсету, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру секторы;

тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің көлемінің төмендегені, кідіртілгені, тоқтата тұрылғаны, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін ауыстыру (тоқтата тұру), қызметкерлердің штат санының қысқарғаны расталған кезде немесе төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде басқа да объективті себептер бойынша қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайларда.

Банк өтінішті 10 жұмыс күні ішінде жеке тәртіпте қарайды.

 

Өтініштер kzibank@kzibank.kz электрондық мекен-жайға қабылданады, сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады+7 (727) 250-60-80 , +7 (727) 2444-000.