Жеке тұлғалардың қолдау туралы ақпарат

Төтенше жағдайында жеке тұлғаларды қолдау бойынша ақпарат

 

Құрметті клиенттер!

 

ҚЗХ Банкі Қазақстандағы төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен өз клиенттеріне мынадай қолдау көрсетеді:

 

1.      16.03.2020 жылдан бастап төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Банк бір жақты тәртіпте жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер бойынша айыппұлдар мен өсімақыларды есептеуді тоқтатады және мерзімі өткен берешегі 90 күнтізбелік күннен астам кепілсіз қарыздар бойынша сыйақы есептемейді.

 

2.      2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін Банк қаржылық жағдайы төмендегідей себептер бойынша нашарлаған жеке тұлғалардан 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңге банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді тоқтату туралы өтініштер қабылдайды:

1) карантин енгізілуіне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы;

2) ақы төленбейтін еңбек демалысында болуы;

3) жұмыстан босатылуы, еңбек шартының бұзулуы және басқа да еңбек қатынастары тоқтатылғанда;

4) жалақының немесе өзге де кірістердің төмендетілуімен немесе төлеуді тоқтата тұрылуы;

5) егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын аумаққа кіруге (кетуге) шектеулердің болуына байланысты жұмыс орнында бола алмайтын жағдайларда;

6) қаржылық жай-күйінің нашарлауын куәландыратын өзге де себептер.

 

Төлемдерді тоқтата тұру туралы шешімді банк жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынбай, төлемдерді тоқтата тұру себебін қамтитын еркін нысанда жасалған өтініші негізінде қабылдайды.

 

Жеке тұлғаның өтінішін Банк 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және қабылданған шешім туралы клиент өтініште көрсетілген телефон нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы хабардар етіледі.

Банк төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді банкте жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің нашарлауының жоқтығы туралы ақпарат болған жағдайда қабылдайды.

 

3.      Қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары бойынша 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін:

1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын;

2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға;

тізімдері олардың келісімімен кредиттік бюродан алынған, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері тоқтатыла тұрады, кейіннен оларды өтініш пен растаушы құжаттар талап етпей және банктік қарыз шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай хабардар етеді.

 

4.      Өтініштер kzibank@kzibank.kz электрондық мекен-жайға қабылданады, барлық сұрақтар бойынша телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (727) 250-60-80, +7 (727) 2444-000.