Қарыз алушыларға арналған ақпарат

Қарыз алушыларға арналған ақпарат:

 

1.      16.03.2020 жылдан бастап төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді.

2.      Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің банкке 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде берген өтініштері бойынша, банктің кредиттік комитетінің шешімі негізінде 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңге қызметі экономиканың мынадай салаларымен байланыстылырадың негізгі борышы және сыйақы бойынша төлемдері тоқтатыла тұрады:

1) сауда секторы, сауда ойын-сауық орталықтарының жалға алушылары, халық тұтынатын тауарлардың дүкендері, жеткізу тізбегін қоса алғанда, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда;

2) туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, спорт, туризм және қонақ үй бизнесі;

3) азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы;

4) мейрамханалар мен дәмханаларды қоса алғанда, қоғамдық тамақтандыру секторы;

5) театрларды, кинотеатрларды, фото және бейнетүсірілімдерді, көрмелер мен конференцияларды, салтанатты ұйымдастыру, сұлулық салондарын және фитнес орталықтарды қоса алғанда, тұрмыстық қызмет көрсету, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру секторы;

тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің көлемінің төмендегені, кідіртілгені, тоқтата тұрылғаны, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін ауыстыру (тоқтата тұру), қызметкерлердің штат санының қысқарғаны расталған кезде немесе төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде басқа да объективті себептер бойынша қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайларда.

 

3.      Кредит бойынша төлемдерді тоқтата тұру төмендегідей себептерді қамтитын 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде банкке берілген жеке тұлғалардың өтініштері бойынша:

1) карантин енгізілуге байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы;

2) ақы төленбейтін еңбек демалысында болу;

3) жұмыстан босатылу, еңбек шартының бұзулуы және басқа да еңбек қатынастары тоқтатылғанда;

4) жалақыны немесе өзге де кірістерді төмендетумен немесе төлеуді тоқтата тұру;

5) егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын аумаққа кіруге (кетуге) шектеулердің болуына байланысты жұмыс орнында бола алмайтын жағдайларда;

6) қаржылық жай-күйінің нашарлауын куәландыратын өзге де себептер.

Банктің кредиттік комитетінің шешімі бойынша 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңге негізгі қарыз және сыйақы бойынша төлемдер тоқтатыла тұратын болады.

 

4.      Қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары бойынша 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін:

1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын;

2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға;

тізімдері олардың келісімімен кредиттік бюродан алынған, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері тоқтатыла тұрады, кейіннен оларды өтініш пен растаушы құжаттар талап етпей және банктік қарыз шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай хабардар етеді.

 

5.      16.03.2020 жылдан бастап төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемнің мерзімі 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам уақытты құрайтын жеке тұлғаларға қамтамасыз етусіз немесе кепілдікпен берілген банктік қарыз шарттары бойынша сыйақы есептелмейді;

6.      2020 жылғы 30 наурыздан бастап 05 сәуірге дейінгі кезеңге Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы филиалдардың уақытша жабылуына байланысты осы кезеңге жоспарланған банктік қарыз/кепілдіктер/аккредитивтер шарттары бойынша төлем сомалары 2020 жылғы 06 сәуірге ауыстырылатын болады.

 

7.      Өтініштер электрондық мекен-жайға қабылданады kzibank@kzibank.kz , сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады+7 (727) 250-60-80 , +7 (727) 2444-000.