A- A+

Summary:

«ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

Акционерлеріне Хабарландыру

10.07.2018ж.

Қоғамның толық атауы: «ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері - Басқарма: 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй.

050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі» Акционерлік Қоғамы (бұндан әрі - «ҚЗХ Банкi ЕБ» АҚ) келесі мәліметті хабарлайды: 09 шілде 2018 жылында болған Директорлар Кеңесінің жиналысында Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.

Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысы 09 тамыз 2018 жылы, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 09 тамыз 2018 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы болмаған жағдайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан 2018 жылғы 10 тамызда, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.          

Қайтадан өткізілетін акционерлердің  жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 10 тамыз 2018 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылғы 7 тамыздағы деректері негізінде жасалады.   

 Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің бекітілуі.
  2. Банктің 2018 ж. жылдық қаржылық есептілігін және T.C. Ziraat Bankası A.Ş. шоғырландырылған есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» (Ernst & Young) ЖШС аудиторлық ұйымының анықталуы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын жүргізуге қатысты ақпаратпен: +7 (727) 250-60-80, вн.1941; +7 (727) 2 444 000 телефондары бойынша танысуға болады.

 «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылуына дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге оның уәкілеттігін растайтын сенімхатты, немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығын растайтын құжатты көрсетуі тиіс.

Акционерлер-заңды тұлғалар олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркеу еліне қатысты, олардың акционерлерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарын сақтау туралы өтінішін беруге тиіс. Өтініш нысаны «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның: www.kzibank.kz корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум анықталған есепке алынбайды және дауыс беруге қатыса алмайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын таңдауды жүргізеді, ашық немесе жасырын (бюллетень бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады және қол қойылады.

 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Жарғысының 9-бабына сәйкес жүргізіледі.

Заявление можно скачать здесь.

Detail:

«ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

Акционерлеріне Хабарландыру

10.07.2018ж.

Қоғамның толық атауы: «ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері - Басқарма: 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі132 үй.

050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» Еншілес Банкі» Акционерлік Қоғамы (бұндан әрі - «ҚЗХ Банкi ЕБ» АҚ) келесі мәліметті хабарлайды: 09 шілде 2018 жылында болған Директорлар Кеңесінің жиналысында Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.

Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысы 09 тамыз 2018 жылы, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 09 тамыз 2018 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы болмаған жағдайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан 2018 жылғы 10 тамызда, Алматы уақыты бойынша сағат 14:00-де, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында өткізіледі.          

Қайтадан өткізілетін акционерлердің  жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 10 тамыз 2018 жылы, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Клочков көшесі, 132 үй мекен жайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында, Алматы уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылғы 7 тамыздағы деректері негізінде жасалады.   

 Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің бекітілуі.
  2. Банктің 2018 ж. жылдық қаржылық есептілігін және T.C. Ziraat Bankası A.Ş. шоғырландырылған есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» (Ernst & Young) ЖШС аудиторлық ұйымының анықталуы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын жүргізуге қатысты ақпаратпен: +7 (727) 250-60-80, вн.1941; +7 (727) 2 444 000 телефондары бойынша танысуға болады.

 «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылуына дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге оның уәкілеттігін растайтын сенімхатты, немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығын растайтын құжатты көрсетуі тиіс.

Акционерлер-заңды тұлғалар олардың акционерлерін (қатысушыларын) тіркеу еліне қатысты, олардың акционерлерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарын сақтау туралы өтінішін беруге тиіс. Өтініш нысаны «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ныңwww.kzibank.kz корпоративтік веб-сайтында орналастырылған.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум анықталған есепке алынбайды және дауыс беруге қатыса алмайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында ашылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын таңдауды жүргізеді, ашық немесе жасырын (бюллетень бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді және акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.

Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.

 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалады және қол қойылады.

 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51 және 52-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабының 5 және 5-1 тармақтарына және «ҚЗХ Банкi» ЕБ» АҚ-ның Жарғысының 9-бабына сәйкес жүргізіледі.

Заявление можно скачать здесь.

showInHomePage: No

Title: АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

News Date: 10.07.2018